СҚО кәсіпкерлер палатасы мен АЭА «Qyzyljar» Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өңірлік кеңестің кезекті отырысында «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының таныстырылуы өтті. Сонымен қатар, су ғылыми-технологиялық орталығының жетекшісі өңірлік кеңес мүшелеріне өзінің қызметі туралы айтып берді.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі ағымдағы жылды жаңа төрағамен және жаңа міндеттермен бастайды. Жаңадан тағайындалған төраға Олег Иванов өз әріптестерін кеңес жанынан тұрақты жұмыс істейтін органдарды – комитеттерді құруға шақырады. Мақсат – бизнес-қауымдастықтың өзекті мәселелерін жедел шешу.

                                                             

«Бұл комитеттердің басты міндеті – қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен тиісті салалардағы кәсіпкерлікті жүзеге асырудың механизмдерін талдау. Біз олардың нәтижелілігін, қайтарымдылығын және бизнесті жүргізудің инвестициялық тартымдылығын жақсартқымыз келеді. Біз өзара әрекеттесу схемасын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Палатада, содан кейін Өңірлік кеңестің тиісті мамандандырылған Комитетінде қарау тәртібін әзірлеуіміз керек. Осылайша Өңірлік кеңестің бақылау функциясы толығымен орындалады деп ойлаймын. Сондай-ақ, комитеттер салалар бойынша жүйелік мәселелерді облыс әкімшілігінің алдына қояды», – деп түсіндірді өңірлік кеңестің төрағасы Олег Иванов.

 

Өңірлік кеңес мүшелеріне 7 жұмыс тобын құруға ұсынылды – өнеркәсіп комитетін, экономикалық саясат және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау комитетін, сауда және қызмет көрсету комитетін, АӨК комитетін, білім беру, жұмыспен қамту, мәдениет, ақпараттық технологиялар және әйелдер кәсіпкерлігі комитетін, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану комитетін және құрылыс комитетін. Экономикалық саясат және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау комитетінің қызмет бағытының бірі «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы сияқты ерекше экономикалық аймақтарды ұйымдастыру болады. Кездесуде «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Дәуренбек Қожахметов облыс кәсіпкерлеріне ауқымды жобаны ұсынды. АЭА-ға бастапқы инвестиция 160 млрд теңгені, сондай-ақ 3 мың жаңа жұмыс орнын құрайды. Инвесторлар шикізат пен жабдықты әкелу кезінде салық, кедендік төлемдер төлеуден босатылады.

                                                                ПАЛАТА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ СКО И СЭЗ «QYZYLJAR» ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О ВЗАИМНОМ СОТРУДНИЧЕСТВЕ

«Qyzyljar» АЭА қызметінің басым бағыттары тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеуді, құрылыс материалдары мен жиһаз өндіруді, электроника мен электр жабдықтарын шығаруды, машина жасау өнімдерін шығаруды, көп бейінді аурухананың құрылысын қамтиды. АЭА жалпы аумағы 192,3 гектар болатын облыс орталығының аумақтық шекарасында орналасады. Төрт қосалқы аймақта трансформаторлар, комбайндар, тұқым себу кешендері, тракторлар мен басқа да ауылшаруашылық техникаларын шығаратын зауыт, өңдеу өнеркәсібіндегі бірлескен жобалар және 500 төсек орындық көп бейінді облыстық аурухананың құрылысы болады», – деді «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Дәуренбек Қожахметов.

Таныстырылымнан кейін СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиев пен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» ЖШС директорының орынбасары Дәуренбек Қожахметов өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

                                                                ПАЛАТА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ СКО И СЭЗ «QYZYLJAR» ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О ВЗАИМНОМ СОТРУДНИЧЕСТВЕ

Сондай-ақ, кездесуде су ғылыми-технологиялық орталығының өкілдері өз өнімдерін ұсынды. Орталық ауыз су мен техникалық суды биологиялық тазарту бойынша қызметтерді ұсынады. Табиғи су қоймалары мен ақпасуды жинаушы тоғандарды тазартуға мүмкіндік бар.

«Біз «Қызылжар су» ЖШС-сынан биотоғанды тазарту бойынша қолданыстағы ұсыныстарды білдік. Су қоймасын құрғату және түбін тазарту әдісі 50 миллиард теңгені құрайды – бұл өте қымбат. Гидромеханикаландырылған тазарту 10 миллиард теңгені құрайды, бірақ көк-жасыл балдырлар сақталады және жағымсыз иіс екі маусымнан кейін қайта пайда болады. Ал 12 миллион текше метр тоғанға арнайы бактерияларды пайдалану 6 миллиард теңгені құрайды. Біздің технология 48,2 миллион теңгені құрайды. Тоған иістен арылады, ластану жойылады, ең бастысы, су қоймасының флорасы мен фаунасы сақталады. Біздің технологияның қосымша артықшылықтары да бар», – дейді Александр Рейбандт, «Су ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС директоры.

                                                              ПАЛАТА ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ СКО И СЭЗ «QYZYLJAR» ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О ВЗАИМНОМ СОТРУДНИЧЕСТВЕ

Мәселені шешу үшін орталық мамандары патенттелген электрофлотация және электрокоагуляциялау технологиясын, сондай-ақ олар өздері шығарған микроорганизм штамын қолданады. Ол жағымсыз иіспен күреседі, су қоймаларын оттегімен қанықтырады. Сонымен қатар, су тұрғындары жемшөп қорын алады. Орталық химиялық реактивтерден мүлдем бас тартты. Сонымен қатар, «Chlorella» табиғи биостимуляторы мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында, балық аулау мен құс шаруашылығында кеңінен қолданыла алады. Орталық кәсіпкерлермен де, мемлекеттік органдармен және мекемелермен де бірге жұмыс істеуге дайын. Егер кәсіпорын «Қызылжар су» ЖШС-сымен келісім жасаса, Петропавл маңындағы биотоғаннан шығатын иіс тамыз айында толығымен залалсыздандырылады.

Дереккөз: https://atameken.kz/ru/news/34923-palata-predprinimatelej-sko-i-sez-qyzyljar-podpisali-memorandum-o-vzaimnom-sotrudnichestve

Posted: 26.02.2020 - Last modified date: 13.02.2021