Инвесторға

«QYZYLJAR» АЭА-СЫНДА ҰСЫНЫЛАТЫН ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС) — 100%-ға азаю
  • Жер салығы — 0 коэффициенті
  • Мүлік салығы — мөлшерлеме 0%
  • АЭА аумағына әкелінген кезде шикізат пен жабдыққа кеден салығынан босату
  • Жер телімін пайдаланғаны үшін төлем — АЭА мерзіміне арналған 0 коэффициенті
  • Дайын инфрақұрылымның болуы
  • БАСҚА ЖЕҢІЛДІКТЕР: Шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген тәртібі

 

ҚАЛАЙ «QYZYLJAR» АЭА-СЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ

  • Арнайы экономикалық аймақ аумағында қатысушы ретінде қызметті жүзеге асыру бойынша жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу
  • «Qyzyljar» АЭА БК» ЖШС-сына өтінім беру
  • «Qyzyljar» АЭА БК» ЖШС-сымен қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу
  • Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес мөлшерде ақшалай қаражатты және басқа қаржы құралдарын иелену:
    • ақшаны;
    • банк кепілдігін;
    • кепілгерлікті;
    • мүлік кепілін;
    • сақтандыру шартын.

«БІР ТЕРЕЗЕ» ҚАҒИДАТЫ

«Qyzyljar» АЭА аумағында мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі – инвесторларға мемлекетпен іскерлік қатынастар үшін бірыңғай байланыс нүктесін ұсынатын «бір терезе» қағидаты құрылуда.

«Qyzyljar» АЭА аумағындағы «Бір терезе» жүйесінде ұсынылған мемлекеттік органдар: 

  • Салық қызметі
  • Кеден қызметі
  • Жылжымайтын мүлік орталығы
  • Көші-қон қызметі
  • Жер қатынастары басқармасы
  • Табиғи ресурстар басқармасы
  • Экология және СЭҚ органдары
Posted: 02.12.2020 - Last modified date: 13.02.2021