Облыс туралы

Солтүстік Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік қақпасы. Ол Ресей Федерациясының үш облысымен шектеседі – Қорған, Түмен және Омбы. Әкімшілік орталығы – Петропавл қ.

Еуразия континентінің орталығындағы тиімді географиялық орын және Ресеймен ұзын шекара көлік коммуникациясының қарқынды дамуына ықпал етті. Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі көлік желілері Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтеді. Ал Петропавл Солтүстік Қазақстанның ірі көлік-логистикалық торабына айналды.

Солтүстік Қазақстан облысы 1936 жылы құрылды.

Аумағы — 98,0 мың шаршы км, республика аумағындағы үлесі 3,6 пайызды құрайды.

Халық саны 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 554,5 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 3 пайызын құрайды.

Қала халқы 251,8 мың адам, немесе 45,4 пайызды, ауылдықтар – 302,7 мың адам, немесе 54,6 пайызды құрайды.

Облыстың орталығы — Петропавл қ., 1752 жылы құрылған, тұрғындары 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 218,9 мың адамды құрайды.

 

Posted: 02.12.2020 - Last modified date: 13.02.2021