БАӘ-мен ынтымақтастық электр энергетикасына инвестиция тартуға ықпал етеді – депутат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламентінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Біріккен Араб Әмірліктерімен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Депутат электр энергетикасы инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып саналатын Біріккен Араб Әмірліктерімен үкіметаралық келісім Қазақстан үшін үлкен басымдықтарды қамтитынын атап өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда елдің пандемиядан кейінгі дамуы жағдайында электр энергетикасы сияқты стратегиялық салаларға инвестициялар тарту – бұл тұтастай алғанда, Қазақстанның инвестициялық климатына, отандық кәсіпкерлікті дамытуға және ұлттық экономиканың негізгі салаларына озық әлемдік технологияларды тартуға оң әсер ететіні сөзсіз.

«Қазір еліміз жаңа Экологиялық кодекске сәйкес ең озық қолжетімді технологияларға көшеді. Сондықтан келісім аясында стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтитын мүмкіндіктер елімізге «жасыл» экономиканы белсенді дамытуға, қоршаған ортаға теріс әсер етумен күресуге мүмкіндік береді», – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Депутат атап өткендей, мұның бәрі жаңартылатын энергия көздері үлесінің артуына, жалпы алғанда электр энергетикасының технологиялық деңгейінің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Дереккөз: lenta.inform.kz

Posted: 27.10.2021 - Last modified date: 02.11.2021

2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысында «Бизнестiң жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 9 кәсiпкер мемлекеттiк грантқа ие болды

2021 жылғы 10 тамыз — 3 қыркүйек аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттiк гранттар беру бойынша конкурсқа өтiнiмдер қабылдауды жүзеге асырды.

2021 жылғы 27, 28 қыркүйекте конкурс комиссиясының отырыстарында өтiнiш берушiлердiң 48 жобасы қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия жалпы сомасы 123,6 млн. теңгенi құрайтын 27 жас кәсiпкерлер жобалары мақұлдау туралы шешiм қабылдады:

  1. ЖК «Нұрсұлтан» (Петропавл қ.) Табиғи ағаштан және эпоксидтен бұйымдар жасау жобасы бойынша;
  2. ЖК «ПаПа Швей» (Мамлют ауданы) «Папа Швей»экологиялық материалдардан логотипты бар сомекелердi, тамақ сөмкелерiн, балалардың ауыспалы аяқ киiмге арналған рюкзактарды, алжапқыш пен ас үйге арналған сүлгiлерiн тiгу жобасы бойынша;
  3. ЖК «AI-ZERE MRAMOR» (Мамлют ауданы) мрамордан жасалған бұйымдар өндiрiс жобасы бойынша;
  4. ЖК «Айли» (Петропавл қ.) үйге арналған тоқыма аксессуарлар тiгу жобасы бойынша;
  5. ЖК «Абдымажитова Екатерина Алексеевна» (Петропавл қ.) «Шағын-наубайхана “French Bakery» жобасы бойынша;
  6. ЖК « Коспакаев А.А.» (Петропавл қ.) СТТ (соққы толқыны терапиясы) қолдау массаж қызметтерi жобасы бойынша»;
  7. ЖК «Кулболдина» (Уалихан ауданы) (Құмыса) биенiн сүтiн өндiру және сату» жобасы бойынша;
  8. ЖК «Сункар» (Ақжар ауданы) «Сүттi өңдеу» жобасы бойынша;
  9. ЖК «Серик.У» (Петропавл қ.) «Тротуар плиткасын өндiру» жобасы бойынша;
  10. ЖК «Жансұлтан» (Шал Ақын ауданы) по проекту «Ұлттық стильдегi аксессуарларды өндiру ательесiн ашу» жобасы бойынша;
  11. ЖК «Luck-BZ» (Айыртау ауданы) «АТРК (Айыртау ауданы Теле-радио каналы)» жобасы бойынша;
  12. ЖК «Танатов Кенжебек Жуматович» (Петропавл қ.) “Қабырғаға тiк 3D принтермен сурет салу” жобасы бойынша;
  13. ЖК «Мадиар» (Қызылжар ауданы) “Газбетон блоктарын өндiру цехын ашу” жобасы бойынша;
  14. ЖК «Туруцкий» (Петропавл қ.) “Балаларға арналған үйдегi интерактивтi спорт кешендерiн өндiру” жобасы бойынша;
  15. ЖК «Феникс» (Петропавл қ.) “Былғары галантерея және басқа да былғары бұйымдарын өндiру” жобасы бойынша;
  16. ЖК «EcoGreen SK» (Қызылжар ауданы) “Солтүстiк Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында жыл бойы жұмыс iстейтiн жылыжай ашу” жобасы бойынша;
  17. ЖК «Витаголд» (Аққайын ауданы) “Өсiмдiк шикiзатынан қаймағы алынбаған сүттi алмастырғышты дайындау” жобасы бойынша;
  18. ЖК «KIMcompany» (Петропавл қ.) “Қосымша шындықпен шағын сәулет нысандарын өндiру” жобасы бойынша;
  19.  ЖК «Айдана» (Уалихан ауданы) “Тамақ өнiмдерiн, кондитерлiк өнiмдердi өндiру” жобасы бойынша;
  20. ЖК «Есильбаев Жангельды» (Шал Ақын ауданы) “Металлсайд өндiрiсi бойынша цех ашу” жобасы бойынша;
  21. ЖК «Мустафин Булат Кенжеевич» (Ғ. Мүсрепов ауданы) “Үй тоқымасын, үй киiмiн және iш киiмдi өндiру және тiгу” жобасы бойынша;
  22. ЖК «Жуламанов Данияр Амандыкович» (Петропавл қ.) “Цифрлық ақпарат тасығыштардан гаджеттердi жөндеу және деректердi қалпына келтiру жөнiндегi Сервис орталығын ашу” жобасы бойынша;
  23. ЖК «Абдрешова В.Т.» (Жамбыл ауданы) “iрiмшiк өндiретiн шағын цех жобасы бойынша;
  24. ЖК «HumusTech» (Қызылжар ауданы) “Тауық қалдықтарын қайта өңдеу” жобасы бойынша;
  25. ЖК «Жанатова» (Айыртау ауданы) “Жоғары қысымды отын сорғыларын сынау үшiн стенд қызметтерi бойынша сервистi ашу” жобасы бойынша;
  26. ЖК «Gaz Строй» (Есiл ауданы) “Газоблоктар өндiрiсi” жобасы бойынша;
  27. ЖК «ГОВОРУХИНА Г.В.» (Жамбыл ауданы) “пенополиуретаннан жасалған үйге арналған жылытқыштар өндiрiсi” жобасы бойынша.

Жобаларды iске асыру барысында кәсiпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Posted: 04.10.2021 - Last modified date: 02.11.2021

Инвестор СҚО-да рапс майының өндірісін кеңейтті

Шротты шаймалау бойынша жаңа цехты Солтүстік Қазақстан облысында «Тайынша-Май» ЖШС қазақстандық-қытайлық компаниясы іске қосты. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылған жобаның жалпы сомасы $19 млн құрады, кәсіпорында шамамен 100 тұрақты жұмыс орны құрылды.

 

2016 жылы жылына 360 мың тонна рапс майын өндіретін зауыт іске қосылды. Кейін қытай компаниясының басшылығы май зауытын кеңейту туралы шешім қабылдады. Эскалация әкімшілік ғимараттың құрылысын, сыйымдылығы 5 мың тонна рапсты сақтауға арналған 5 силосты, сондай-ақ қуаты сағатына 50 тоннаны құрайтын 2 кептіру жабдығын және шаймалау цехын қамтиды. Жобаның қуаттылығы жылына 165 мың тонна шротты немесе 15 мың тонна майды құрайды.

 

«Біздің зауыт еліміздегі ең заманауи және технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Май зауытын кеңейту жобасын 2019 жылы бастап, 2020 жылы аяқтауды жоспарладық. Бірақ пандемияға байланысты жаңа цехты іске қосуды кейінге қалдыруға тура келді. ҚХР-дан Қазақстанға жабдықтарды тасымалдауда бірқатар проблемалар туындады, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуда қиындықтар болды. Бірақ, жергілікті әкімшіліктің, KAZAKH INVEST аймақтық өкілдігінің арқасында бұл мәселелер уақтылы шешілді және жобаның іске асуына ықпал етті», – деді «Тайынша-Май» ЖШС Бас директоры Фан Лунфей.

 

Инвестордың айтуынша, өңделген өнім Қытай мен Ресейге экспортталатын болады.

«Солтүстік Қазақстан – майлы дақылдарды өсіруде көшбасшы, егіс алқабы 1 млн.гектарға жететіні баршаға мәлім. Бұл инвестор рапсты өңдеу деңгейін арттыра отырып, ірі жобаны іске асырды. Кәсіпорын экспортқа бағдарланған, жоба толығымен жеке инвестициялар есебінен іске асырылды, мұның да маңызы аз емес. KAZAKH INVEST тарапынан ҚР СІМ Инвестициялар комитетімен инвестициялық келісімшарт жасасу кезінде көмек көрсетілді, оның шеңберінде бажсыз жабдықтар мен жиынтықтауыштар әкелінді», – деп атап өтті KAZAKH INVEST СҚО бойынша өңірлік директоры Данияр Шалабаев.

Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, өңірдің экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: KAZAKH INVEST

Posted: 15.09.2021 - Last modified date: 02.11.2021

СҚО-да сүт зауытына 4,8 млрд теңге инвестиция тартылып, жаңадан 85 жұмыс орны ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында сүт зауыты жаңғыртылып, нәтижесінде жаңадан жұмыс орындары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Маслодел» брендінің кәсіпорнын жаңғыртуға 4,8 млрд теңге инвестициялық қаржы тартылды. Нәтижесінде сүт зауытында 2 литрлік ыдыстарға құйылған сүт және қаймақ пен айран шығаратын жаңа желі іске қосылды. Осылайша жаңғыртудан кейін кәсіпорынның қуаты жылына 87 мыңнан 119 мың тоннаға дейін өсіп отыр. Қосымша 85 жаңа жұмыс орны ашылды.

«Біз өндірген барлық өнімді өңдеуге ұмтылуымыз керек, бұл өз нарығымызды қамтамасыз етуге және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Былтыр сүт өндіру көлемі 597 мың тоннаға дейін өсті. 2016 жылы өңдеуге барлық шикізаттың 34,2 %-ы немесе 180 мың тонна ғана жіберілді. Ал былтыр ол 319 мың тоннаға дейін ұлғайды, өндірілетін сүттің 53,5 %-ы өңделді. Яғни, 5 жыл ішінде сүтті өңдеу үлесі 20% өсті», – дейді кәсіпорынды аралаған СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Бұл салада 5 жылда 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Жыл сайын бюджетке 500 миллион теңгеден астам салық түседі.

«Сүт өнімдерін өндіру мал шаруашылығын белсенді дамытуға көмектеспек. Облыста жалпы өндіріс қуаты 57 мың тонна болатын 16 сүт кешені салынып жатыр. Жыл соңына дейін олар іске қосылады. Жалпы, 2026 жылға дейін 52 сүт-тауар фермасы салынады, онда жылына 160 мың тонна сүт өндіріледі», – деді Құмар Ақсақалов.

Дереккөз: lenta.inform.kz
Posted: 12.08.2021 - Last modified date: 02.11.2021

СҚО кәсіпкерлері өнімдерін экспорттау үшін биыл 1700-ге жуық сертификат алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы жыл басынан өңір бизнесмендеріне өнімдерінің шыққан жерін айқындайтын 1600 сертификат берді, оның 1400-і экспортерлерге арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тауардың шыққан жерін растайтын сертификат кедендік рәсімдеуден өткенде қажет. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мұндай құжаттарды 2015 жылдың наурызынан беріп келеді. Биыл өңір кәсіпкерлері 1674 сертификат алса, соның 1461-і экспортерлерге берілген. Жалпы палата мұндай сертификаттың бірнеше түрін береді.

«СТ-KZ сертификаты тауардың Қазақстанда жасалғанын ғана көрсетіп қоймай, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысатындардың барлығына қажет. Жыл басынан СТ-KZ үлгідегі құжат 213 рет берілген. Өзбекстан үшін СТ-1 формалы сертификат керек. А сертификаты Еуроодақ елдерінің кейбірінде өнім өндірушілерге жеңілдік береді. Сондай-ақ біздің бизнесмендерді ескерткім келеді, 1 мамырдан бастап бұл сертификатты Норвегия мен Швейцария қабылдамайды. Осы елдер үшін өнім өндірушілер REX-жүйесінде тіркеліп, тіркеу нөмірін алуы тиіс», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының маманы Анастасия Марченко.

Маманның айтуынша, тауарын экспортқа шығаратындарға берілетін сертификат өнім өндірушілерге кей жеңілдік беруі, мысалы, кеден салығын азайтып немесе одан мүлдем босатуы мүмкін. Ал кейбірі оның Қазақстанда жасалғандығын нақтылайды.

«Өнім өндірушілер мен тауарды жіберушілерден күнделікті өтініш қабылдаймыз. СТ-1 үлгідегі 502 сертификат солтүстікқазақстандық бизнесмендерге тауарларын Тәжікстанға, Ресейге, Беларусь Республикасына, Украина, Қырғызстан және Түркменстанға шығару үшін берілді. Өзбекстанға 293 сертификат толтырылды. Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер бұл елге негізінен бидай, кебек және бидай крахмалын жібереді. Қырғызстан мен Тәжікстанға және Ресейге бидай экспортталады. Ресей, сондай-ақ макарон өнімдерін, қатырылған жартылай фабрикаттарды, мұздатылған балықты, сүт өнімдерін, бидай глютенін, зығыр, рапс, сояны алады. Украинадан қарақұмыққа, бидай крахмалына, зығыр мен жасымыққа сұраныс бар. Иранға арпа, бидай, Ауғанстанға ұн, тауық жұмыртқасы, Қытайға бидай мен зығыр майы, Түркияға қатты бидай мен жасымық экспортталады», – дейді СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Әлібек Әшметов.

Дереккөз: lenta.inform.kz

Posted: 11.08.2021 - Last modified date: 02.11.2021

Әсет Ерғалиев: Өңделген тауарлар экспорты өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңделген тауарлар экспорты 25 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда тауар айналымы 45,3 млрд АҚШ долларын құрап, оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 27 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 25 пайызға 8,9 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Тауарлар импорты 18,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, сауда балансы 8,7 млрд АҚШ долларын құрап, оң деңгейінде сақталды», – деді Ә. Ерғалиев.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. Өндіріс көлемі 5,9%-ға өсті. 14 өңір оң өсімді көрсетті. Ең жоғарғы өсу Алматы қаласында, Алматы және Қостанай облыстарында байқалып отыр.

«Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша фармацевтикалық өнім өндіру 39%, машина жасау – 22,7%, оның ішінде автомобиль жасау – 34,7%, вагондар мен локомотивтер өндірісі – 37,7%, құрылыс материалдары – 13,2%, пластмасса бұйымдары – 24,7%, дайын металл бұйымдары – 20,4% серпінді өсуді көрсетіп отыр», – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,7 пайызды құрады.

Дереккөз: lenta.inform.kz

Posted: 11.08.2021 - Last modified date: 02.11.2021

Германия концерні СҚО-да комбайн құрастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Германияның CLAAS трансұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы комбайндарды құрастыруға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бір жарым жыл бұрын құрылған «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында 3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Күзде электротехника зауытын іске қосу жоспарланған. Қазірдің өзінде 300 адам жұмысқа қабылданды. Нысанның өнімдері экспортқа шығарылады. Бізге CLAAS трансұлттық компаниясы келді. Биыл неміс концерні алғашқы комбайндарды құрастырады. Әлемдік көшбасшы техниканы құрастыру арқылы шаруаларға арналған комбайнның құнын екі есе азайтсақ деп отырмыз», – деді әкім.

Сондай-ақ, ол арнайы экономикалық аймаққа ресейлік инвесторлар да кіргенін айтты.

«Мәскеудегі «Велфарм» компаниясымен Петропавлда зауыт салу туралы келісімді бекіттік. Олар бұл іске 15 млрд теңге салуға дайын. Жалпы, облыста 75 жобаның пулы жасақталды, инвестициялар көлемі –1,8 трлн теңге», – деді Құмар Ақасақалов.

Көзі: lenta.inform.kz

Posted: 03.07.2021 - Last modified date: 02.11.2021

СҚО-да сабаннан қағаз жасайтын зауыт салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының орталығында қағаз шығаратын фабрика салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыс орталығында қағаз шығаратын фабриканың құрылысы басталды. Жылына 5 мың тонна өнім шығарады. Ол қазір сырттан әкелінеді. Статистика бойынша, 2020 жылы біз 8,3 мың тонна қағаз өнімдерін импорттадық. Жаңа жоба импортқа тәуелділікті азайтуы керек», – деді әкім орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз конференциясында.

Аймақ басшысы өңірде экологиялық өндіріске басымдық берілетінін атады.

«Жалпы, кешенді жоспар аясында өнеркәсіп саласындағы 10 жаңа кәсіпорын пайда болады. Сонымен қатар, біз экологиялық таза өндіріске бет бұрдық. Өңірде инвесторлар сабаннан қағаз өнімдерін жасайтын тағы бір зауыт салуды жоспарлап отыр. Өйткені, әлем полиэтиленнен біртіндеп бас тартып, табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық таза құрағыштардан қағаз шығаруға көшіп жатыр», – деді облыс әкімі.

Көзі: lenta.inform.kz

Posted: 03.07.2021 - Last modified date: 02.11.2021

Петропавл қаласында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өтті

KAZAKH INVEST “ҰК “АҚ сервистік қолдау департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алаңында Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау және кәсіпкерлік қызметті қолдау шараларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың, Жергілікті атқарушы органдардың, ӘКК, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының 60-қа жуық өкілдері қатысты.

Кездесу спикерлері “KAZAKH INVEST “ҰК” АҚ, “Qazindustry “Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы” АҚ, “Qaztrade “сауда саясатын дамыту орталығы” АҚ, “Қазақстанның Даму Банкі” АҚ, “қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы” АҚ, “Астана”халықаралық қаржы орталығының өкілдері болды.

Кездесу барысында қатысушыларға инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың қолда бар шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі, инвестициялық омбудсмен шеңберінде инвесторларды қолдау тетіктері және т. б. туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.

Өзінің құттықтау сөзінде “KAZAKH INVEST “ҰК” АҚ сервистік қолдау департаментінің орынбасары Марат Есенов ҚР шет елдердегі мекемелерін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қамтитын инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі туралы айтып берді. Оның айтуынша, KAZAKH INVEST өз жұмысының барлық кезеңдерінде шетелдік бизнеске ғана емес, қазақстандық жоба бастамашыларына да қолдау көрсетеді.

“Біздің заңнама инвесторларды ішкі және сыртқы деп бөлмейді. Қолдау бірдей. Біз сіздің әлеуетті жобалар бойынша бастамаларыңызды пысықтауға көмек көрсетуге дайынбыз. “KAZAKH INVEST” командасы ақпараттық және заңдық қолдаудан, инвестициялық келісімшарт жасасудан бастап, мемлекеттік органдармен келіссөздерді ұйымдастыруға және Қазақстан өңірлерінде жобаларды оқшаулау бойынша мәселелерді шешуге дейін “бір терезе” қағидаты бойынша инвесторларды сүйемелдеумен айналысады”, – деп атап өтті Марат Есенов.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST “Бір терезе” тобының жетекшісі Әйгерім Қойлақова қатысушыларға ақпараттық және құқықтық сүйемелдеуді, инвестициялық келісімшарт жасасуды және келіссөздерді ұйымдастыруды қамтитын сервистік қолдау жүйесінің қызметі туралы айтып берді.

Айта кету керек, KAZAKH INVEST Үкімет атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде қатыса отырып, Қазақстанның инвестициялық фронт-офисі болып табылады. Компания инвестициялық жобаларды қолдау бойынша бастамашылық сатыдан бастап іске асыру сатысына дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынады. Сонымен қатар, инвесторларды сервистік қолдау аясында “KAZAKH INVEST” визалық және көші-қон мәселелерін, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ағымдағы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Көзі: nkr.invest.gov.kz

Posted: 17.06.2021 - Last modified date: 02.11.2021

QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, еңбек өнімділігін арттыруда шығындардың бір бөлігін өтеу негізінде өтінімдерді шығындардың келесі түрлері бойынша қабылдауды жалғастыруда:

1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);

2) технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б);

3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);

4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу (лизинг пен ТЭН алу үшін).

Өтінімдерді қабылдау www.qazindustry.gov.kz интернет-порталы арқылы ЖЫЛ БОЙЫ онлайн жүзеге асырылады, кеңес алу үшін телефон: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі: 444).

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат, қағидаларға сәйкес еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі құжаттардың тізбесі www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.

Posted: 03.03.2021 - Last modified date: 03.03.2021