ҚР-ның РФ-дағы сауда өкілі Д. Д. Әділбеков пен кеңесшісі С. М. Кенжегузиннің “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағына сапары

2021 жылғы 12 сәуірде ҚР-ның РФ-дағы Сауда өкілдігінің орынбасары Дамир Дәуренұлы Әділбеков пен ҚР-ның РФ-дағы Сауда өкілінің кеңесшісі Сәкен Маратұлы Кенжегузиннің Солтүстік Қазақстан облысына сапары өтті.

Сапар барысында «Qyzyljar» АЭА арнайы экономикалық аймағына барып, оның инвестициялық әлеуеті мен преференцияларын таныстыру ұйымдастырылды. Қонақтар 2019 жылы ҚР Үкіметінің Қаулысымен құрылған АЭА аумағында жұмыстарды ұйымдастыруға жоғары баға берді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Ғани Сақтағанұлы Нығметовтың төрағалығымен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, «Қазақинвест» ҰК» АҚ, «Qyzyljar» АЭА БК» ЖШС қатысуымен РФ-ға инвестициялар мен экспорт мәселелерін талқылаумен кездесу өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасының экономикасын нығайту және Ресей нарығына шығу мәселелерінде тығыз ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Posted: 13.04.2021 - Last modified date: 13.04.2021