Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Америка Құрама Штаттары, Қазақстан және Өзбекстан Орталық Азия инвестициялық әріптестігінің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында АҚШ Халықаралық қаржы даму корпорациясымен (DFC) қол қойылған құжат $1 млрд дейінгі сомаға бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қаржыландыруды көздейді.

Орталық Азиялық инвестициялық әріптестік инфрақұрылым сапасының халықаралық стандарттарының үлгісі болып табылатын және инклюзивті, ашық және тұрақты инвестицияларға ықпал ететін жеке сектордың басшылығымен жүзеге асырылатын жобаларды ілгерілететін болады. Бұл ретте серіктестер жобалардың табысқа жетуіне және оң әсеріне барынша ықпал ететіп,  өңірге қосымша жеке инвестицияларды жұмылдыратын болады.

Орталық Азиядағы инвестициялық әріптестік АҚШ-тың Орталық Азияның экономикалық өсуі мен өркендеуін қолдау жөніндегі күш-жігерін ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады. C5+1 платформасы арқылы жұмыс істей отырып, бұл бастама Орталық Азиядағы әрбір елді дамығанелге айналдыру үшін сауданы, даму мен өзара іс-қимылды ұлғайту үшін мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылатын болады.

«АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындады. Мен біздің серіктестігімізбен мақтанамын. Орталық Азия инвестициялық әріптестігі аясында біздің мақсатымыз-Қазақстан тұрғындары үшін жұмыс орындарын құру және олардың табыс деңгейін арттыру», – деді «DFC»Бас атқарушы директоры Адам Болер.

KAZAKH INVEST соңғы бірнеше жыл бойы инвестициялық жобаларды іске асыру аясында американдық тараппен тығыз жұмыс істеп келеді. 2018 жылы KAZAKH INVEST OPIC-пен (бұрынғы DFC) инвестициялық меморандумға қол қойды. 2020 жылы ұлттық компанияDFC жобалық кеңсесіне әр түрлі салалардағы ондаған жобаларды құрылымдап ұсынған. Орталық Азия инвестициялық әріптестігін құру инфрақұрылым, логистика, агробизнес, туризм, қаржы және технологиялар сияқты секторларда бірлескен жобаларды іске асыруды жандандыруға арналған.

Анықтама:

«U. S. International Development Finance Corporation» (DFC) американдық мемлекеттік қаржы мекемелерінің«Overseas Private InvestmentCorporation»(OPIC) және«Development Credit Authority»(USAID бөлімшесі) бірігуі арқылы құрылды. DFC-дамушы әлем алдында тұрған маңызды міндеттерді қаржыландыруға арналған АҚШ үкіметінің даму институты. DFC бүкіл әлем бойынша энергетика, денсаулық сақтау, инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, инновациялар және қаржылық қызметтерді қоса алғанда, түрлі секторларға инвестиция салады. Сондай-ақ, DFC дамушы нарықтарда жұмыс орындарын құру мақсатында шағын бизнес пен кәсіпкер әйелдер үшін қаржыландыру ұсынады.

Posted: 11.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021