QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген еңбек өнімділігін арттыруға арналған шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес, еңбек өнімділігін арттыруда шығындардың бір бөлігін өтеу негізінде өтінімдерді шығындардың келесі түрлері бойынша қабылдауды жалғастыруда:

1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);

2) технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б);

3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);

4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу (лизинг пен ТЭН алу үшін).

Өтінімдерді қабылдау www.qazindustry.gov.kz интернет-порталы арқылы ЖЫЛ БОЙЫ онлайн жүзеге асырылады, кеңес алу үшін телефон: 8 (7172) 79-33-90 (ішкі: 444).

Мемлекеттік қолдау шараларын алу тәртібі бойынша толық ақпарат, қағидаларға сәйкес еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі құжаттардың тізбесі www.qazindustry.gov.kz корпоративтік сайтында орналастырылған.

Posted: 03.03.2021 - Last modified date: 03.03.2021

Қазақстанда стратегиялық инвесторларды қолдаудың жаңа құралын енгізді

Мемлекет Басшысының инвесторларды одан әрі қолдау және стратегиялық инвестициялық келісімді енгізу туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда ағымдағы жылдың басынан бастап инвесторлар Парламентте Үкіметпен инвестициялар туралы келісімді тікелей жасасуға мүмкіндікке ие болды.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне бизнес ортаны жақсартуға және инвестициялық ынталандыруды кеңейтуге бағытталған бірқатар түзетулер енгізілді. Үкімет сондай-ақ инвестициялар туралы келісімдер үшін салалардың басым түрлерін айқындады. Сондай-ақ, инвесторлар мен Үкімет әрбір жоба үшін преференциялар пакетін берудің атаулы тәртібі туралы ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретін нормалар бекітілді.

Келісім үшін салық және еңбек заңнамасының нормаларына ерекше назар аудара отырып, 25 жыл мерзімдегі заңнаманың тұрақтылығы көзделген.

Инвестициялар туралы келісім фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдерін, медициналық бұйымдарды өндіру және т.б. сияқты стратегиялық маңызды салаларда кемінде 7,5 млн. АЕК ($51 млн) мөлшеріндегі инвестициялар көлемін көздейтін ірі жобаларды тиімді іске асыру мүмкіндігін ашады. Қолданыстағы инвестициялық келісім-шарттан айырмашылығы, ірі инвесторлар үлгілі немесе стандартты нысанды сақтамай, Үкіметпен келісімдер жасай алады. Ұсыну тәртібі мен қолдау құралдары да келісімде жеке белгіленетін болады.

Инвестициялар туралы Келісім шеңберінде стратегиялық инвесторлар корпоративтік табыс салығына, мүлік салығына, жер салығына, сондай-ақ, егер жоба АЭА аумағында іске асырылатын болса, қосылған құн салығына қатысты салықтық каникулдарды ала алады. Сонымен қатар, инвесторлар салық міндеттемелерін 20 пайызға дейін төмендетуі мүмкін. Салықтық демалыстан басқа, мемлекет инвесторларға құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу құнының 20%-на дейін өтейтін болады.

Айта кету керек, инвестициялар туралы келісім шеңберінде салықтар бойынша преференциялар алуға тыйым салу жер қойнауын пайдаланушылар мен акцизделетін тауарларды өндірушілер үшін көзделген.

Дереккөзі: https://invest.gov.kz/kz/media-center/press-releases/v-kazakhstane-sozdan-novyy-instrument-podderzhki-strategicheskikh-investorov/

Posted: 01.02.2021 - Last modified date: 25.03.2021

Қазақстанға ең көп инвестиция салған 10 мемлекет – зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ranking.kz ақпарат көзі Қазақстанға инвестиция салатын мемлекеттердің ондығын ұсынды. Ұлттық банктің мәліметін негізге алған ақпарат көзі сонымен қатар 2020 жылы Қазақстанға екі мыңнан астам жаңа шетелдік компания кіргенін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың бірінші жартыжылдығында коронавирус пандемиясының экономикалық әсеріне байланысты әлемде тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) 2019 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 49%-ға төмендеді. Тікелей шетелдік инвестициялардың барлық негізгі түрі қықсарғанын атап өту керек. Дүние жүзі бойынша енізілген шектеу шаралары қолданыстағы инвестициялық жобалардың жұмысын тежеді, ал ауқымды рецессия трансұлттық корпорацияларға жаңа жобаларды қайта қарауға мәжбүр етті. Құлдыраудың ең үлкен деңгейі дамыған елдерде байқалды, онда шетелдік тікелей инвестициялар ағыны 75%-ға төмендеді. Өз кезегінде дамушы елдерде инвестициялар ағыны 12%-ға ғана азайған. Жалпы 2020 жылы ТШИ-дің жаһандық ағындарының төмендеуі 30-40% аралығында болатыны болжануда», – делінген зерттеуде.

Дағдарыстың жағымсыз салдары Қазақстанды айналып өткен жоқ.

Объективті себептерге байланысты 2020 жылдың 9 айында Қазақстанға шетелдік тікелей инвестицияның жалпы ағыны бір жыл ішінде 32,2% төмендеп, 12,6 млрд АҚШ долларын құраған.

Қысқару көрсеткіші негізінен экономиканың тау-кен секторына шетелдік инвестиция ағынының негізгі бөлігін құрайтын ТШИ ағындарының төмендеуіне байланысты болып отыр.

Бұл салада ТШИ ағыны 42,1%-ға немесе 4,5 млрд АҚШ долларына азайған.

«Әлемдік дағдарысқа қарамастан Қазақстан шетелдік инвестициялар үшін тартымды ел болып отыр. Аймақтағы шетелдік инвестициялар ағыны бойынша сөзсіз көшбасшы. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанға ТШИ ағыны шамамен 350 миллиард АҚШ долларын құрады. Кейінгі бес жылда Қазақстан жыл сайын орта есеппен 21,3 миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартты. Бүкіл әлемде карантин шаралары күшейтіліп, өндіріс тоқтатылған кезде Қазақстан үкіметі жобалардың тоқтап қалуына жол бермей, жаңа инвесторларды тарту жағынан уақтылы шараларды қабылдады. Осылайша, 2020 жылы 3800-ден астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы құны 1,3 миллиард АҚШ долларына 25 ірі инвестициялық нысан пайдалануға берілді», – дейді Ranking.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанға инвестиция салатын мемлекеттердің ондығын Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея мен Кипр құрайды.

Дереккөзі: https://lenta.inform.kz/kz/kazakstanga-en-kop-investiciya-salgan-10-memleket-zertteu_a3744846

Posted: 25.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инвестициялық жобалардың іске асырылуын тексеріп, өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавл қаласында Асқар Мамин «Qyzyljar» АЭА аумағында электр техникалық өнімін өндіретін жаңа зауыттың құрылыс барысымен танысты. Жоба құны – 10 млрд теңге. Кәсіпорынның қуаттылығы 300 жаңа жұмыс орнын құрумен жылына 13 мың трансформаторды құрайды.

Үкімет басшысы «Петропавл ауыр машина жасау зауытына» барды, оның аумағында тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған термос вагондарды құрастыратын жаңа өндіріс орны ашылған. Жобалық қуаттылығы – 200 адамды жұмыспен қамти отырып, жылына 1200 вагон. Премьер-Министр «Солтүстік фанера комбинаты» ЖШС ламинатталған фанера өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорын 150 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобалық қуаттылығы – жылына 27 мың м³ өнім.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Петропавл қаласының «Шығыс» шағынауданында JCI халықаралық стандарттары бойынша 510 төсек- орынға арналған көпбейінді облыстық аурухана құрылысының барысын тексерді. Жобаны 2022 жылдың соңына қарай мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «YDA Holding» түрік инвесторы жүзеге асырады. Қызылжар ауданының Чапаево ауылында Премьер-Министр «Қызылжар Сүт» ЖШС-нің жаңа цифрландырылған сүт-тауар фермасында болды. Ферманың қуаттылығы – жылына 3,6 мың тонна сүт.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған перспективалары жөнінде кеңес өткізді. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов және қаржы бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов баяндама жасады.

«Солтүстік Қазақстан облысы агроөнеркәсіптік кешенде, өңдеу өнеркәсібінде және басқа да салаларда үлкен әлеуетке ие. Өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатының жоғары болуын қамтамасыз етуге елеулі серпін беру қажет»,- деді А. Мамин.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 779 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғыдан 27%-ға жоғары, өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі – 306 млрд теңге (+4,8%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20,5%-ға – 281 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Дереккөзі: https://lenta.inform.kz/kz/askar-mamin-zhumys-saparymen-soltustik-kazakstan-oblysyna-bardy_a3743232

Posted: 20.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021

Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде «Valmont Industries» компаниясының президенті Стивен Каневскимен келіссөз жүргізді, деп жазады primeminister.kz.

Тараптар мал шаруашылығы, селекция, тұқым шаруашылығы, тамшылатып және жаңбырлатып суару, аграрлық ғылым және білім салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу келешегін талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, қазақстандық «Kusto Group» компаниясы және америкалық «Valmont Industries» компаниясы арасында инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

Құжат Қазақстанда демонстрациялық фермалар желісін құруды және заманауи суару жүйелерін өндіретін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін басқаратын зауыт салуды көздейді.

Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 1 мың «Valley» фронталды және айналмалы суару машиналарын құрайды. Америкалық ирригация технологиялары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығындағы су шығынын 50-70%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық фермалар желісін қалыптастыру суару, су ресурстарын ұтымды пайдалану, жемшөп өндіру, фермерлерді оқыту мен тренинг өткізу және білікті кадрлар даярлау саласындағы озық технологиялар трансферін қамтамасыз етеді.

«Valmont Industries» компаниясы – су инфрақұрылымы нысандарын басқару және инвестициясы, суармалы егіншілік және ирригациялық жүйелер өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы. Штаб-пәтері АҚШ-тың Небраска штатындағы Омаха қаласында 1946 жылы құрылған. Компанияның жылдық айналымы $2,6 млрд асады. Үкімет басшысы ҚР экономикасының қарқынды дамып келе жатқан секторларының бірі АӨК екенін атап өтті. Бұл ретте, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бағалауы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті барынша жоғары елдердің бестігіне кіреді. «2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 5,6%-ға тұрақты өсім қамтамасыз етілді – бұл саладағы соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. АӨК жаһандық азық-түлік тізбегінде жалғасын тапқан іркіліс жағдайында Қазақстанда инфляцияны тежеудің негізгі факторына айналды», — деді А. Мамин.

Келіссөзге Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ-тағы ҚР елшісі Ержан Қазыханов, «Kusto Group» басшысы Еркін Тәтішев, америкалық тараптан АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары Линг Теодор, «Valmont Irrigation» президенті Ленни Адамс және «Valmont Industries» вице-президенті Джошуа Диксон қатысты.

Дереккөзі: https://lenta.inform.kz/kz/amerikalyk-valmont-industries-kazakstanda-aldyngy-katarly-suaru-zhuyeleri-zauytyn-ashady_a3740332

Posted: 12.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021

Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуда

Америка Құрама Штаттары, Қазақстан және Өзбекстан Орталық Азия инвестициялық әріптестігінің іске қосылғаны туралы хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында АҚШ Халықаралық қаржы даму корпорациясымен (DFC) қол қойылған құжат $1 млрд дейінгі сомаға бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қаржыландыруды көздейді.

Орталық Азиялық инвестициялық әріптестік инфрақұрылым сапасының халықаралық стандарттарының үлгісі болып табылатын және инклюзивті, ашық және тұрақты инвестицияларға ықпал ететін жеке сектордың басшылығымен жүзеге асырылатын жобаларды ілгерілететін болады. Бұл ретте серіктестер жобалардың табысқа жетуіне және оң әсеріне барынша ықпал ететіп,  өңірге қосымша жеке инвестицияларды жұмылдыратын болады.

Орталық Азиядағы инвестициялық әріптестік АҚШ-тың Орталық Азияның экономикалық өсуі мен өркендеуін қолдау жөніндегі күш-жігерін ілгерілетудегі маңызды қадам болып табылады. C5+1 платформасы арқылы жұмыс істей отырып, бұл бастама Орталық Азиядағы әрбір елді дамығанелге айналдыру үшін сауданы, даму мен өзара іс-қимылды ұлғайту үшін мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылатын болады.

«АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып мойындады. Мен біздің серіктестігімізбен мақтанамын. Орталық Азия инвестициялық әріптестігі аясында біздің мақсатымыз-Қазақстан тұрғындары үшін жұмыс орындарын құру және олардың табыс деңгейін арттыру», – деді «DFC»Бас атқарушы директоры Адам Болер.

KAZAKH INVEST соңғы бірнеше жыл бойы инвестициялық жобаларды іске асыру аясында американдық тараппен тығыз жұмыс істеп келеді. 2018 жылы KAZAKH INVEST OPIC-пен (бұрынғы DFC) инвестициялық меморандумға қол қойды. 2020 жылы ұлттық компанияDFC жобалық кеңсесіне әр түрлі салалардағы ондаған жобаларды құрылымдап ұсынған. Орталық Азия инвестициялық әріптестігін құру инфрақұрылым, логистика, агробизнес, туризм, қаржы және технологиялар сияқты секторларда бірлескен жобаларды іске асыруды жандандыруға арналған.

Анықтама:

«U. S. International Development Finance Corporation» (DFC) американдық мемлекеттік қаржы мекемелерінің«Overseas Private InvestmentCorporation»(OPIC) және«Development Credit Authority»(USAID бөлімшесі) бірігуі арқылы құрылды. DFC-дамушы әлем алдында тұрған маңызды міндеттерді қаржыландыруға арналған АҚШ үкіметінің даму институты. DFC бүкіл әлем бойынша энергетика, денсаулық сақтау, инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы, инновациялар және қаржылық қызметтерді қоса алғанда, түрлі секторларға инвестиция салады. Сондай-ақ, DFC дамушы нарықтарда жұмыс орындарын құру мақсатында шағын бизнес пен кәсіпкер әйелдер үшін қаржыландыру ұсынады.

Posted: 11.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021

Түрік инвесторлары СҚО-да құны 2,2 млрд теңге фанер зауытын салды

Түрік инвесторлары «KAZAKH INVEST»ҰК»АҚ және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Атамекен ӨКП директоры Арман Оразғұлов және СҚО бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Данияр Шалабаев қатысты.

Өндіріс Петропавл құбыр зауытының бұрынғы цехы негізінде ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын аумағы 10 мың шаршы метр болатын жаңа зауытта 18 мың текше метр ламинатталған фанера шығарылады. Жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жоба 150-ге жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

«Біз үшін оқшаулаудың жоғары пайызы маңызды. Сондықтан, негізінен, біз жоғары сапамен ерекшеленетін қазақстандық ағашты сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ламинат Германиядан шығарылады және жеткізіледі. Жабдықты Түркия, Германия және Ресейден сатып алдық. Біз өндірілген өнімнің сапасына назар аударамыз. Сондықтан мұнда демдеу, желімдеу және баспақтауозық технологиялар қолданылады. Бүгінде қазақстандық нарықта ресейдің өнімдері кеңінен қолданылады. Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларды алмастыра алады деп үміттенеміз», – деді «Солтүстік фанер комбинаты»ЖШС директоры Огузхан Челик.

Жаңа өндірісте өңдеудің заманауи технологиялары қолданылатын болады, бүкіл процесс автоматтандырылады. Зауыт аумағында қойма бөлмелері де жабдықталған.

«Бұл өндіріс тек біздің облыста ғана емес, бүкіл ел бойынша сұранысты қанағаттандыру үшін жұмыс істейтін болады. Шетелдік инвесторды тартудың арқасында облыста бірегей өндіріс құрылады. KAZAKH INVEST жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетті. Соның ішінде, біздің көмегімізбен компания инвестициялық келісімшарт жасасты және қымбат тұратын жабдықты әкелуге кедендік баж салығынан босатылды», – деп хабарлады Данияр Шалабаев.

Ламинатталған фанера монолитті құрылыста және қалыптарды жасау үшін кеңінен қолданылады. Мұндай өнімдер Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие. Солтүстік Қазақстан облысында бұл алғашқы жоба.

Дереккөзі: https://invest.gov.kz/kz/media-center/press-releases/2-2-mlrd-tenge-vlozhili-turetskie-investory-v-fanernyy-zavod-v-sko/

Posted: 06.01.2021 - Last modified date: 25.03.2021